$ 449.58  486.94  4.86

Асқазанды кішірейту отасы елімізде сәнге айналуы мүмкін

Айтуынша, соңғы 15 жылда эндоскопиядағы жедел белсенділіктің өсуі 400%-дан асқан.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Соңғы кезде әлем елдерінде сәнге айналған асқазанды кішірейту отасы Қазақстанда да дәстүрге енуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қазақ эндоскопиялық қоғамының төрағасы Қанат Батырбеков мәлімдеді.

Айтуынша, соңғы 15 жылда эндоскопиядағы жедел белсенділіктің өсуі 400%-дан асқан.

«Ертең елімізде бірінші рет эндоскопиялық гастропластика жасалады. Гастропластика дегеніміз – өте жаңа ота. Адамдар артық салмақтан арылу үшін жасайды. Асқазанның көлемін кішірейтеді. Гастроскоп аспабы арқылы асқазанның ішіне кіріп, бүріп тігеді. Тігілгенде көлемі 50 пайызға азаяды. Адам денесін теспей, кеспей жасалады. Былайша айтқанда, азинвазивті ота. Отадан кейінгі кезең мен адамның қалпына келуі өте тез орын алады. Ешқандай жарық та болмайды», - деді Қанат Батырбеков.

Отаны Ыстанбұл университетінің профессоры, гастроэнтеролог Ердем Акбал жасайды.

«Ол ота Түркияда шамамен 20 мың доллар тұрады. Оған қоса, отаға пайдаланылатын материалға 4 мың доллар кетеді. Ал бізде ертең тегін жасалады. Болашақта Қазақстанда да бұл ота трендке айналуы әбден мүмкін», - деді Қазақ эндоскопиялық қоғамының төрағасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары