$ 442.05  474.14  4.74

Оралда көлік үйге соғылды

Салдарынан 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілді.
Фото:mgorod.kz
Фото:mgorod.kz

Оралда жол апаты салдарынан 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

25 мамырда сағат 8.10 уақыт шамасында Орал қаласындағы Абдиров және Январцева көшелері қиылысында 1983 жылғы жүргізуші тізгіндеген Priora маркалы көлік пен 2003 жылғы жүргізуші тізгіндеген Renault LOGAN маркалы көлік соқтығысты.

"Renault LOGAN маркалы көліктің 2003 жылғы жүргізушісі жол бермеу салдарынан көліктер бір-бірімен қақтығысып, соның нәтижесінде Priora көлігі жақын маңда орналасқан үйге соғылған. Жол апаты нәтижесінде Priora көлігінің жүргізушісі және Renault LOGAN көлігіндегі кәмелет жасына толмаған 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары