$ 443.37  474.49  4.83

Шавкат Рахмоновтың қарындасы жеңіліп көрмеген ресейлік спортшыны нокаутқа түсірді

Сора Рахмонова техникалық нокаутпен қарсыласынан басым түсті.
Фото: Sports.kz
Фото: Sports.kz

Naiza FC 51 турнирінде Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда өтіп жатқан турнирде отандық спортшы мансабында жеңіліп көрмеген Ресей чемпионы Валерия Карыгинамен жекпе-жек өткізді.

Тартысты кездесудің екінші раундында Сора Рахмонова техникалық нокаутпен қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Шавкат Рахмоновтың қарындасы мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Валерия Карыгина алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары