$ 482.77  509.71  5
Жаңалықтар 27.05.2023 сағат 21:30

«Енді шулату керек»: Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ірі ММА-промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін Алмабаев ямайкалық Оде Осборнға (12-5) қарсы өткізеді.
«Енді шулату керек»: Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Фото: stan.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (17-2) 5 тамызда өтетін UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлемдегі ірі ММА-промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін Алмабаев ямайкалық Оде Осборнға (12-5) қарсы өткізеді. Осборн UFC-де 7 жекпе-жек өткізіп, 4 рет жеңіске жеткен. 

"Келісімшарт 5 тамызға жасалды, Лас-Вегас. Ал енді шулату керек. Алға, тек жеңіс үшін", – деп жазды ол.

Асу Алмабаев аралас жекпе-жекте 19 кездесу өткізіп, оның 17-де жеңіске жеткен. UFC-мен 6 сәуірде келісімшарт жасасқан отандасымыз шілдеде алғашқы жекпе-жегін өткізеді деп жоспарланған. 

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар