Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (17-2) 5 тамызда өтетін UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлемдегі ірі ММА-промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін Алмабаев ямайкалық Оде Осборнға (12-5) қарсы өткізеді. Осборн UFC-де 7 жекпе-жек өткізіп, 4 рет жеңіске жеткен.
"Келісімшарт 5 тамызға жасалды, Лас-Вегас. Ал енді шулату керек. Алға, тек жеңіс үшін", – деп жазды ол.
Асу Алмабаев аралас жекпе-жекте 19 кездесу өткізіп, оның 17-де жеңіске жеткен. UFC-мен 6 сәуірде келісімшарт жасасқан отандасымыз шілдеде алғашқы жекпе-жегін өткізеді деп жоспарланған.