Назарбаев Университеті президент Шигео Катсу отставкаға кетеді. Оның орнына Президент міндетін атқарушы Илесанми Адесиданың тағайындалады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Назарбаев Университетінің мәліметінше, 15 маусымнан бастап Президент Шигео Катсудың отставкаға кетеді. 13 жылға жуық қызмет атқарғаннан кейін Президент Катсу өз лауазымынан кету туралы шешім қабылдады.
"Университет қауымдастығы Назарбаев Университетін концепциядан Қазақстандағы бірінші әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдырған Президент Катсуға көрнекті көшбасшылығы мен көрегендігі үшін зор алғысын білдіреді. Президент Катсудың басшылығымын Назарбаев Университеті аймақтағы жетекші жоғары оқу орны ретінде белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы күзде Назарбаев Университет тұңғыш рет TimesHigherEducation университеттердің әлемдік рейтингіне кіретін болады. Президент Катсудың кемелдікке және инновацияларға деген мызғымас берілгендігі меритократия және академиялық адалдық принциптеріне негізделген озық зерттеулер, академиялық өсу және халықаралық ынтымақтастық үшін жағдай жасауда маңызды рөл атқарды. Назарбаев Университетінің қауымдастығы Президент Катсуға оның үлкен үлесі мен тұрақты әсері үшін алғысын білдіреді", - делінген хабарламада.
Университет мәліметінше, президенттік қызметінен кеткеннен кейін Шигео Катсу Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде университеттің дамуына өз үлесін қосады. Сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырады. Президент Катсудың тәжірибесі мен көшбасшылығы Қазақстанның білім беру саласын одан әрі дамытуға көмектеседі. Шигео Катсу сонымен қатар университет президентінің міндетін атқарушының кеңесшісі қызметін атқарады.
Назарбаев Университеті Шигео Катсудың мұрагерін халықаралық деңгейде іздеп белгілегенше, провост Илесанми Адесида университет президенті міндетін атқаратын болады. Назарбаев Университетінің қауымдастығы доктор Адесида өзінің бай академиялық тәжірибесін жаңа лауазымға енгізетініне сенім екенін жеткізді.
Доктор Адесида 2016 жылдың қазан айынан бастап Назарбаев Университетінің провосты қызметін атқарған.
"Назарбаев Университетіне келгенге дейін ол табысты академиялық мансап құрып, Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінде (UIUC) түрлі құрметті лауазымдарда қызмет етті. UIUC-де ол академиялық сұрақтар жөніндегі проректор және вице-канцлері болған, одар бұрын әйгілі Инженерлік колледждің деканы, микро және нанотехнологиялар зертханасының директоры және Дональд Биггар Уиллетт инженерия профессоры қызметтерін атқарды. Доктордың нанотехнологиялардағы, жоғары жылдамдықты құрылғылар мен оптоэлектрондық схемалардағы тәжірибесі кең халықаралық деңгейде қабылданып, профессор Адесида АҚШ Ұлттық инженерлік академиясының мүшесі болып сайланды. Провост Адесиданың жетекшілігімен Назарбаев Университеті ғылыми-зерттеу қызметінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Назарбаев Университеті Президент Шигео Катсуға трансформациялық көшбасшылығы үшін шынайы алғысын білдіріп, Президенттің міндетін атқарушы Илесанми Адесиданы жаңа қызметінде қарсы алады", - делінген хабарламада.