29.05.2023, 21:30

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим қашан күшіне енеді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Елдер мемлекетішілік рәсімдерді аяқтауы тиіс.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим қашан күшіне енетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айбек Смадияров президент сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында екі ел өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойғанын еске салды.

"Елдер мемлекетішілік рәсімдерді аяқтауы тиіс. Бұл бірнеше айға созылады, менің ойымша, екі-үш ай қажет. Осыдан кейін екі тарап бір-біріне мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы хабарлауға тиіс. Осылайша келісім күшіне енеді", - деді ол.

СІМ ресми өкілінің пайымынша, рәсімдердің барлығы екі тараптың мемлекеттік органдарының шапшаңдығына байланысты.

"Менің ойымша, жақын арада. Бұл процедуралық сәттерге байланысты. Біздің тарап туралы ғана айта аламын: біз бұл рәсімдерді жеделдететін боламыз", - деп сендірді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұдан бұрын  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим енгізу туралы пікір білдірген.