31.05.2023, 07:30

Көктемнің соңғы күні елімізде ауа райы қандай болады

Фото: pixabay
Республика бойынша жел күшейеді, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте тұман түседі.

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 31 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz. "Қазгидромет" РМК үұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ауа райы болжамына сәйкес, республиканың солтүстігінде, оңтүстік бөлігінде күн ашық болады.

Республика бойынша жел күшейеді, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте тұман түседі.

Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен батысында қатты ыстық болжанды.

Синоптиктердің болжауынша, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.