Оқыс оқиға Павлодар облысы Тереңкөл ауылында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 11-14-те Тереңкөл ауылында баланың кір жуғыш машинаға кептеліп қалғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері барып, арнайы құралдардың көмегімен баланы алып шыққаны нақтыланады.
Қазір баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.