30.05.2023, 20:30

Павлодар облысында бес жасар қыз кір жуатын машинада кептеліп қалды

Фото: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Оқыс оқиға Павлодар облысы Тереңкөл ауылында болған.

Оқыс оқиға Павлодар облысы Тереңкөл ауылында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 11-14-те Тереңкөл ауылында баланың кір жуғыш машинаға кептеліп қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері барып, арнайы құралдардың көмегімен баланы алып шыққаны нақтыланады.

Қазір баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.