Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Франциядағы жарыста жеке рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" стартында чех теннисшісі Бренда Фрухвиртованы жеңіп, жеке рекордын жаңартты.
OptaAce тартақан мәлімет бойынша, Билли Джин Кинг кубогындағы ойындарды қоса алғанда, Рыбакина 2023 жылы корттағы он ойында жеңіске жетті, бұл оның бір маусымдағы ең жақсы нәтижесі, деп жазды Sports.kz.
Елена Рыбакина Франциядағы жарысты жеңіспен бастады. Ол Франция ашық біріншілігінің бірінші айналымындағы кездесуде Чехия өкілі Бренда Фрухвиртованы (146 WTA) 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Рыбакина екінші айналымда чех теннисшісі Линда Носковамен кортқа шығады.