$ 494.87  520.65  4.91

Еңбек адамы – әділетті Қазақстанның басты ресурсы

Бүгінде біздің елдің мықты экономикасы, берік саяси тұрақтылықғы, жоғары халықаралық беделі бар.
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасын қалауға мүмкіндік туды. Мемлекеттіліктің алғашқы күнінен бастап ел үкіметі қазақстандықтардың әл-ауқатының тұрақты өсуіне, әлеуметтік даму мәселелеріне ерекше назар аударды. Нәтижесінде, Қазақстан алғаш рет Орта Еуропа елдерінің әлеуметтік дамуының сапалық деңгейіне жақындады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінде біздің елдің мықты экономикасы, берік саяси тұрақтылықғы, жоғары халықаралық беделі бар. Алайда, Мемлекет басшысының Жолдауларда айтылғандай, бүкіл әлем тұтыну идеологиясының жойқын екеніне көз жеткізді. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік тәуелділікті тудырды және жаһандық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі саналады. Тұтыну қоғамының болашағы жоқ, өйткені ресурстар шексіз емес. Лайықты өмір, әл-ауқат, өмірдің жаңа сапасына қол жеткізу тек еңбек арқылы беріледі. Адам жұмыс істеп, ақша табуы керек. Бұл әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне алынуы тиіс нақты өнімді еңбек.

Елді әлеуметтік жаңғыртудың мәні – қоғамды жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайында өмір сүруге дайындау, елдің қарқынды экономикалық дамуы мен қоғам игіліктерімен барынша қамтамасыз етудегі оң тепе-теңдікті табу, әділеттілік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды бекітуде жатыр. Әрбір азамат еңбек ететін және қоғам мен мемлекетке пайда әкелетін жаңа әлеуметтік модель жасау үшін жеңді түріп жіберіп жұмыс істейтін уақыт келді. Сайып келгенде, жаһандық өркениеттің барлық құндылықтарын, тұтас экономикалық және мәдени байлықты виртуалды қаржы институттары емес, адам еңбегі жасайды.

Жоғары өнімді еңбек – жалпы әл-ауқаттың негізі. Қазақстанда тұтыну қоғамына балама ретінде халыққа ортақ еңбек қоғамының моделі ұсынылды. Ел дамуының жаңа тұжырымдамасы жасалды. Онда еңбек әлеуметтік жаңғырту мен жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің шешуші мәні ретінде бірінші орында тұр. Бұл әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік прогреске көшу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның болашағы технологияларда, біздің еліміз үлкен әлеуетке ие, қоғамның өмір сүру деңгейін арттыру үшін барлық жағдайлар жасалуда. Жаңа Қазақстанды құру үшін әрқайсымыздың алдымызда міндет ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» атты халыққа кезекті Жолдауында айтылғандай, «еңбекқор адам, кәсіби маман елдегі ең құрметті адам болуы керек. Осындай азаматтар елімізді дамытады», деген сөздері болуға тиіс. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары