Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет алаяқтық фактілеріне қатысты депутаттық сауалды қарап шықты. ҚНРДА банктен қарыз және микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды қамтитын түзетулерді әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
№ДС-148 депутаттық сауалы Мәжіліс сайтында 2023 жылдың 10 мамырында жарияланған.
Бүгінгі таңда цифрландыру мен қашықтан көрсетілетін қызметтердің дамуымен бірге тұтынушылық кредиттеу нарығында азаматтарға жалған қарыздарды алаяқтық жолмен ресімдейтін алаяқтар да жанданғаны атап өтіледі.
2022 жылдан бастап агенттікке жеке тұлғалардың 132 жолданымын және ішкі істер органдарының 26 ұсынымын қоса алғанда, үшінші тұлғалардың жалған микрокредиттерді ресімдеуі мәселелері бойынша 158 жолданым келіп түсті. Агенттік барлық жолданым бойынша құжаттамалық тексерулер тағайындады, олардың қорытындысы бойынша 9 МҚҰ (микроқаржы ұйымдары) бойынша жазбаша нұсқамалар түрінде шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды.
МҚҰ 46 микрокредит бойынша 4,5 млн теңге сомаға заңсыз берешекті есептен шығарды, сондай-ақ кредиттік тарихқа түзету жүргізілді. 23 микрокредит бойынша тергеу аяқталғанға дейін және клиенттің микрокредит алмау фактісін растайтын сот шешімін алғанға дейін сыйақы есептеу және шағым-талап жұмыстарын жүргізу тоқтатылды.
Азаматтарды алаяқтардан қорғауды арттыру мақсатында агенттік кредиттік алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін іске асыру жөніндегі жол картасын әзірледі. Жол картасы аясында:
1) қаржы ұйымдарымен алаяқтық операциялар және осындай операцияларға тартылған адамдар бойынша деректер ақпарат алмасу үшін Антифрод-орталық құру;
2) алаяқтық белгілері анықталған кезде клиенттің өтініші бойынша ақшаға қолжетімділікті тоқтату тәртібін әзірлеу;
3) кредиттік алаяқтықты, жалған шопингті немесе өзге де заңсыз қызметті анықтаудың онлайн жүйесінің болуы бойынша кредиттік бюроға қойылатын талаптарды белгілеу;