$ 494.87  520.65  4.91

Білімге деген ұмтылыс пен еңбекқорлық – әл-ауқаттың негізгі көзі

Президенттің пікірінше, жастар адал еңбекті бағалап, рухы мықты болуы керек.
Фото: edunews.kz
Фото: edunews.kz

Бүгінгі таңда жастардың бойына еңбекқорлық қасиетті сіңіру ерекше маңызға ие. 2022 жылы бірінші сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізілді. Сонымен қатар, мектептерде алғаш рет 7-сыныптан бастап болашақ мамандықты дұрыс таңдауға үйрететін «педагог-кәсіби бағдар беруші» маманын қосу жоспарда бар. Қазірдің өзінде мектептердің шамамен 7%-ы бұл маманмен жұмыс істеп жатыр.

Бұл шаралар балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеуге, қажетті мамандықтарға үйретуге бағытталған. Балабақшаларда, мектептерде және колледждерде жаңа Қазақстан жастарын қалыптастыруға негізделген білім беру ұйымдарында жастарды еңбекқорлыққа тәрбиелеудің бірыңғай тұжырымдамасын енгізу ұсынылды.

Тұжырымдама балалардың білімге, жаңа кәсіптер мен ғылымдарға, жаңашылдық пен шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, патриотизмге және тарихқа, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға деген құрметке қатысты ұмтылысын тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.

2022 жылы өткен «Amanat» партиясы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеу жасап, жаңа Қазақстанның жастары үшін басымдық беретін үш негізгі тетікті атап өтті. Бұл – білімге  деген ұмтылыс, еңбекқорлық және патриотизм.

Президент білімге ұмтылыс дегендегі меңзегені, болашақ цифрлық технологиялар мен инновациялар екенін айтты. Ол бүгінде жастардың бірнеше тілде еркін сөйлейтінін және ең озық мамандықтарды жетік игергеніне тоқталды. Бұл тұрғыда ғы¬лымды жастар қызығарлықтай өтімді ету, ал ғылыми қызметті ман¬сап биігіне бастайтын баспалдаққа айналдыру аса қажет. 
Талапты жастардың қатысуымен даму жолына түскен мемлекет азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту мәселесін қамтамасыз ете отырып, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Өз Отанына пайдалы болуға деген ұмтылыс әр жастың негізгі мақсаты болуы керек. Тек білімді және білікті жастар ғана алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алады. Мемлекет әрқашан жастардың жаңа идеялары мен ұсыныстарына ашық.

Екінші басымдық – еңбекқорлық. Президенттің пікірінше, жастар адал еңбекті бағалап, рухы мықты болуы керек. Мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қоя білуі шарт. Ол үшін ана тілін біліп, өз халқының дәстүрлері мен тарихын құрметтеу керек. Бұл әрбір жас жігіттің қасиетті парызы.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу – үшінші басымдық екенін айтқан Президент туған жерге деген сүйіспеншілік әдемі сөздерден емес, нақты істерден басталатынын атап өтті. Тек мақсатты азаматтар ғана Қазақстанның болашағына өз үлесін қоса алады.
Бұл – Жаңа Қазақстан құруға қадам басқан Президенттің жастарға  көрсеткен бағыт-бағдары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары