$ 439.43  473.31  4.82

Жеңіс Қасымбек Астанадағы ауыз су мәселесі қашан толықтай шешімін табатынын айтты

Онда тамыз айында бас қаладағы ең өзекті мәселе шешімін табатынына тоқталған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Астанадағы ауыз су мәселесін Жеңіс Қасымбек бірер айда толық шешілетінін мәлімдеді. Сөзінше жаңа станция маусым айынан бастап қолданысқа берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елорда әкімі ауыз су туралы Іnstagram-дағы парақшасында жазды. Онда тамыз айында бас қаладағы ең өзекті мәселе шешімін табатынына тоқталған. 

“Бірер айдан бері “Астана Су Арнасы” су қысымын төмендетуге мәжбүр болды. Кейбір тұрғын үй кешендерінде сорғыларына байланысты қиындықтар туындады. Мамандар арнайы барып, басқарушы компанияларға жүйелерді қайта жөндеу ісіне көмектесті. Маусым айынан бастап біз жаңа ауыз су станциясын (ССС-3) кезең-кезеңімен қолданысқа бере бастаймыз: алдымен іске қосу әрі жөндеу жұмысы жүргізіліп, жүйені тексереміз. Содан кейін күніне 35 мың текше метр су береміз. Тамыз айында күніне 105 мың текше метр көлемде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл қаладағы сумен жабдықтау мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Оның ішінде құрылыс жұмысы жүріп жатқан аудандар да бар”, - деп жазды әкім. 

Сондай-ақ, ол елордадағы жылыту маусымына дайындық мәселесін де қозғаған. 

“Қала өсіп келеді, тұрғын үй, әлеуметтік және өзге де нысандар саны артып келеді. Оның бәрін жылыту керек. Қаламызда жылыту маусымы орта есеппен алғанда 7-8 айға созылады. Мұның бәрі тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің нысандарына үлкен күш түсіреді”, - дейді Жеңіс Қасымбек. 

Бұл мәселені шешу үшін екі газ жылыту станциясының ("Тұран", "Оңтүстік-Шығыс") құрылысы басталғанын, әрі ЖЭО-3 бойынша да жұмыс жүріп жатқанын айтады. Осы нысандардың құрылысын аяқтап, 2023-2024 жылыту маусымына олардың қуатын ескере отырып, іске қосуды міндеттеліпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары