01.06.2023, 21:30

Президент Анкараға жұмыс сапарымен барады

Фото: akorda.kz
Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусымда Анкараға жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Ақорда сайты. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайип Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады.

"Осы күні Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады", - делінген хабарламада.