$ 494.87  520.65  4.91

«Өзенмұнайгаз» бас директорының орынбасары ұсталды

Таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағандарын, тиісті мамандыққа біліктіліктері сәйкес келмейтіндігін және жұмысқа мүлдем келмегендерін Б. Мамбетсапаевтың анық білгендігі тергеумен анықталды.
Фото: ozen.kz
Фото: ozen.kz

Оған лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Б.Мамбетсапаев өз лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, бірқатар таныстарын «Өзен Мұнай Газ» АҚ-на заңсыз кіргізген. Дегенмен, компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғындары кезекке тіркелген.

“Таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағандарын, тиісті мамандыққа біліктіліктері сәйкес келмейтіндігін және жұмысқа мүлдем келмегендерін Б. Мамбетсапаевтың анық білгендігі тергеумен анықталды. Б. Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 млн.теңгеден астам залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасуына көзделген құқықтарын өрескел бұзылуына әкеп соққан”, - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары