Қазақстандық, әлемнің 325-ракеткасы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 288-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтонмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда тай-брейк қазақстандық спортшының да мүмкіндігі болғанымен, аустралиялық теннисші сәттірек ойнады – 7:6 (8:6).
Есесіне екінші және үшінше сетте Бейбіт өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4, 7:6 (7:4).
Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Бейбіт Жұқаев 18 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыласы да қарап қалған жоқ, оның еншісінде 14 эйс бар.
Осылайша, 22 жастағы Б.Жұқаев өз спорт жолында алғаш рет АТР Challenger жарысының финалына шықты. Ол соңғы бәсекеде дүниежүзілік рейтингте 311-орында тұрған эстониялық Марк Лаялмен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос матчына неге шықпағанын түсіндіргенін жазған едік.
Ролан Гаррос турнирінде қазақстандықтар жарыс жолынан шығып қалды.