Ертең, 5 маусымда елдің кей өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері осыған байланысты ескерту жасады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жео соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық болады.
Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында 41 градус өте қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығыс жартысында төтенше өрт қаупі бар.
Абай облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады. Павлодар облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық болады және төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік батысында төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Zakon.kz.