04.06.2023, 21:30

Астанада жеңіл көлік автобуспен соқтығысты

Фото: instagram.com/astana.dorogi
Үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Астанада жеңіл көлік пен автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік апаты 4 маусым күні сағат 15:33-те елордадағы Жұмабаев көшесінде болған. Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Nissan көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Жол-көлік апатынан жеңіл көліктегі жолаушылар зардап шеккен. Үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.