Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінде киген киімімен ерекшеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресейлік «Чемпионат» порталы Елена Рыбакинаны ең әдемі киінген теннисшілер қатарына қосты.
«Елена Рыбакинаның киімі бөлекше: ол Аdidas-тан Yonex фирмасына көшіп, мұны әдемі жасады. Теннисшінің жанкүйерлері оны алқызыл кофта мен қою-көк түсті шорти киген түрінде көрді» деп жазды аталмыш портал.
Елена Рыбакина сырқаттанып қалуына байланысты үшінші айналымда испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойынға шықпаған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос матчына неге шықпағанын түсіндіргенін жазған едік.