$ 494.87  520.65  4.91

«Әуежайына мың домбырашыны қойып, «Адай» күйін ойнатам»: Зайытов әуе компанияларына сес көрсетті

Бұған дейін айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға Fly Arystan ұшағына домбыра алып кіруге рұқсат бермей қойған.
Коллаж: ulysmedia.kz.
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов әуежайларға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі арқылы дұғай-дұғай сәлем жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Әуе компаниялардың ұлттық аспаптарға қарсылығы жоспарланғандай жүріп жатыр. Азамат Өмірзақұлы (Индустрия вице министрі), домбыра деген – ішінде бірде-бір металы жоқ, ағаштан жасалған аспап. Екіншіден, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деген Қадыр Мырза Әлінің сөзі бар. Әуе компанияларыңызға дұғай-дұғай сәлем айтыңыздар. Кімдікі болса да, шешіп беріңіздер: қазақтың саусаққа толмайтын 4-5 аспабы бар. Сол аспаптар ұшаққа кіруге рұқсат алсын. Ала алмайды екен – Алматы мен Астананың әуежайына кемінде мың домбырашыны қойып, «Адай» күйін ойнатып, жалынып сұрайық қолдарыңыздар келмесе», - деді Ринат Зайытов.

Айта кетейік, бұған дейін айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға Fly Arystan ұшағына домбыра алып кіруге рұқсат бермей қойғанын мәлім етке еді. Fly Arystan компаниясының қызметкерлері «домбыраны ұшаққа кіргізбейсің» оны жұлқылаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары