$ 494.87  520.65  4.91

Илья Ильин қазақша ән шырқап, жұбайының көңілін босатты (ВИДЕО)

Онда Илья Ильин Қазыбек Құрайыштың "Таптым-ау сені" әнін орындап жатқанын көруге болады.
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин жұбайына арнап, әсерлі ән шырқады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Татьяна Ильина видеомен Instagram парақшасында бөлісті.

Онда Илья Ильин Қазыбек Құрайыштың "Таптым-ау сені" әнін орындап жатқанын көруге болады. 

"Таптым-ау сені! Әннің мағынасы өте әсерлі. Сезімге берілгіш адам болмасам да, көзіме жас алдым. Мен де сені таптым!"- деп жазады Татьяна.

Оның айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы жалғыз болған және адамдар оған үнемі тым күрделісің деп айтқан.

"Өзін-өзі қамтамасыз ететін, тым талапшыл, тым көп оқитын, көп жұмыс істейтін, жалпы менде бәрі тым көп және менің тілектерім де көп. Жалпы мені көп адам эмоционалды, жігерлі ақыл-ойымен көп адам алға сүйрей бермейді. Мен жалғыз болу туралы ойды жібердім. Мен солай болсын деп шештім, өйткені мен өзімді өте жақсы сезінемін. Мен өз өмірімнен ләззат аламын, бірақ егер Құдай менің барлық талаптарымды қабылдайтын адамымды маған әкелсе, мен бақытты және риза боламын"- дейді Татьяна Ильина.

Спортшының әйелі олардың бір-бірін 12 жыл бойы білетінін, бірақ бір-біріне мән бермегенін айтады. Татьяна бақытыңыз “жаныңызда болуы мүмкін” деп қосты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары