Сыртқы істер министрлігі Таиландта тағы бір қазақстандық қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Пхукетте қаза болған қазақстандық Артур Искаковтың қазасына қатысты пікір білдіріп, бұл кейінгі аптадағы жалғыз оқиға емес екенін айтты.
"3 маусымда сол жағалауда тағы бір азаматымыз қаза болды. Ол да барлық тыйымға қарамастан суға түсіп, толқынға ағып кеткен. Қазір консул туыстарына қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп жатыр және жақын арада олардың денесі Қазақстанға жеткізіледі", - деді ол.
Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, жақын арада бірінші қазақстандықтың денесі туыстарының есебінен жеткізіледі. Екінші отандасымыздың мәйітін тасымалдау сақтандыруы есебінен қамтылады.
Бұған дейін Таиландқа демалысқа барған 24 жастағы қазақстандық Артур Искаков қайтыс болғаны белгілі болған еді.