$ 444.32  473.33  4.76

«Тұрғындар жуына алмай жүр»: Астанада су тапшылығы қашан жойылады

Әкім өзі тұратын үйде судан таршылық жоғын айтты.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Вице-премьер Алтай Көлгінов Астанадағы су тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері елорданың экс-әкіміне Астанадағы су тапшылығына шенеуніктерден кім жауап беретінін сұрады. “Кешіріңіз, бірақ қазір астаналықтар дәретханаға кезекпен барып жүр, олар жуына алмайды. Себебі, су жоқ. Далада аптап ыстық” деді тілшілердің бірі.

Көлгіновтің сөзінше, бас қаладағы кейбір аудандарда үйлерге су беруге қатысты мәселе барын үкіметтегілер біледі. Ол әкімдік түйткілді шешумен айналысып жатқанын жеткізді.

“Қалада халықтың саны тез өсіп жатыр. Мен Астананың әкімі ретінде 3,5 жыл жұмыс істедім. Осы уақытта шамамен 350 мың адам елордаға көшіп келді. Түсінесіз бе? Халықтың саны тез өсіп жатыр: миграция және демография есебінен. Осыны ескеріп, осындай мәселе болатынын білдік. 2020 жылы сорғы-сүзгі станциясын салдық. Қазір жоба аяқталған. Су болады. Сондықтан осы жобаны тез аяқтау керек. Әкімдік маусымда аяқтаймыз деп жоспарлап отыр. Тәулігіне 35 мың куб су беріледі”, – деп сендірді ол.

Әкім өзі тұратын үйде судан таршылық жоғын айтты.

“Біздің тұрғын үйде су бар. Алматы ауданындағы көпқабатты үйде тұрамын”, – деді вице-премьер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары