Қостанай облысында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 6 маусымда сағат 11:00 шамасында Қостанай – Әулиекөл - Сурған тасжолында болған.
"Салонында 4 жолаушысы бар Toyota Alphard жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Көкшетау тұрғыны тізгіндеген қарсы келе жатқан Renault жүк көлігімен соқтығысуға жол бергені анықталды. Әрі қарай, минивэн Атбасар тұрғыны мінген Daf басқа жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан 46 жастағы Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі және оның 2013 жылы туған ұлы қаза болды", - делінген хабарламада.
Минивэннің тағы үш жолаушысы ауруханаға жатқызылғаны айтылды.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.