07.06.2023, 10:40

Жерлесіміз Әмір Омарханов ITF Juniors турнирінің абсолютті чемпионы атанды

Фото: ktf.kz
Қарағанды ​​теннис мектебінің 15 жасар оқушысы Әмір Омарханов жеке және жұптық сында турнир жеңімпазы атанды.

Тбилисиде (Грузия) 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында ITF Juniors J60 сериясының халықаралық турнирі өтіп, онда қазақстандық Әмір Омарханов екі номинация бойынша жеңімпаз деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​теннис мектебінің 15 жасар оқушысы Әмір Омарханов жеке және жұптық сында турнир жеңімпазы атанды. Жеке разрядтың финалында теннисшіміз әзірбайжандық Канан Гасимовты 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Титулға жету жолында жерлесіміз бір де бір сетте жеңілген жоқ.

Жұптық кездесуде Әмір болгариялық Иван Найденовпен қазақстандық Ілияс Маратұлы мен Виталий Зацепин жұбын 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Осылайша, Омарханов ITF Juniors турнирінде өзінің бесінші жүлдесін жеңіп алды, оның екеуі жекелей сында. Осы жетістігінің арқасында Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингте 298-орынға көтерілді.