08.06.2023, 10:40

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болды

Фото: gov.kz
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, - делінген хабарламада.