$ 498.34  519.72  4.85

Маңғыстауда мұнай ұңғымасы отқа оранды

Өртті сөндіруге 56 құтқарушы және 12 техника жіберілді.
Фото: Sputnik / Юрий Сурин
Фото: Sputnik / Юрий Сурин

Бүгін таңертең Маңғыстау облысында төтенше жағдай болды. "Қаратұрын Южный" кен орнында мұнай ұңғымасы отқа оранды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Таңғы ағат 09: 00-де төтенше жағдайлар басқармасына "Қаратұрын Южный" мұнай-газ кен орнындағы өрт туралы ақпарат түсті. Ол жердегі жұмыстарға "Бозашы Мұнай" ЖШС жауапты.
"Өрт 1088 метр тереңдіктен бұрғылау құралының көтерілуі нәтижесінде пайда болған. 303 ұңғымадағы ашық газ субұрқағында газ-су қоспасының шығарылуы өрттің пайда болуына тікелей әсер еткен", - дейді мамандар.

Өртті сөндіруге 56 құтқарушы және 12 техника жіберілді. Апаттар медицинасы орталығының бір көлігі де барды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары