Абай ауданындағы өрттен 11 адамның қаза тапқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Абай облысындағы өртті сөндіру жөніндегі жедел штабтың мәліметі бойынша, жедел-іздестіру шаралары барысында тағы 11 адамның мәйіті табылды. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.