$ 494.87  520.65  4.91

Астанада су құбырының жаңа тармағы іске қосылды

Бұл тұрғын үйлердегі ауыз судың тиісті қысымын және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада үйлердің кранынан ағып тұрған ауыз су қысымы кешелі бері көтеріліп, жағдай тұрақтала бастады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

«Кешелі бері үйлеріңізде су қысымы артқанын байқаған боларсыздар. Осыған дейін айтқанымдай, қалада 2021 жылдан бастап Астана су қоймасынан су өткізетін құбырдың жаңа тармағы және ауыз су станциясы (ССС-3) салынып жатыр. Кеше су құбырының жаңа тармағы іске қосылды. Бұл тұрғын үйлердегі ауыз судың тиісті қысымын және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді», – деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Оның айтуынша, ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі маусым айының соңында аяқталады. Осыдан кейін қалада су тапшылығы мәселесі толық шешіледі.

«Құрылыстың екінші кезеңі тамыз айында аяқталады, бұл алдағы 3-4 жылға қажетті қосымша су беру қуатын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекенінде ССС қуатын кеңейту бойынша жобалау жұмысы аяқталып қалды. Бұл жобалар алдағы уақытта Астананы ауыз сумен қамтамасыз етуге қажет қосымша қуат береді», – деді әкім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#су #Астана