$ 494.87  520.65  4.91

Министр Зүлфия Сүлейменова орманшылардың рациямен айтқан соңғы сөзімен бөлісті

Біз 8 маусымда сағат 21.00-де олармен байланыссыз қалдық.
Фото:  Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы орман шаруашылығы қызметкерлерінің рациямен айтылған соңғы сөздері қандай болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сүлейменова қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Оның сөзінше, орман шаруашылығындағылар 8 маусымда байланысқа шығуы тоқтаған.

"Кеше 14 адам өлі табылды. Біз 8 маусымда сағат 21.00-де олармен байланыссыз қалдық. Рация арқылы соңғы естігеніміз - жел бағыты бірден өзгеріп, қалың түтін басып жатқаны айтылды. Бәрі шешіліп кетер деп үміттендік. Қалың түтін салдарынан оларды табу мүмкін болмады. Кеше олар өлі табылды. Қаза тапқандардың жақындарына қайғыра көңіл айтамын", - дейді министр Зүлфия Сүлейменова.

Министрдің сөзінше, жағдай қиын. Жел күшейіп кеткен. Одан бөлек, болжам бойынша, алдағы бірнеше күнде жел қатты болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары