12.06.2023, 15:20

Ердоған Қазақстан халқына көңіл айтты

Фото: t.me/aqorda_resmi
Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Түркия тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың бапасөз қызметі.

Түркия Президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.