Ұлттық экономика министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелде жеке яхтасы мен ұшағы бар қалталы азаматтарға көлік салығын арттыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салық саясатына енгізілетін жаңашылдықтар туралы баяндама жасаған вице-министр жеке яхтасы мен ұшағы бар адамдардың қанша салық төлеп жүргені туралы мәлімет келтірді.
«Бізде меншігінде ұшақтар мен яхталары бар салық төлеушілер бар. Олардың салығын да қарап жатырмыз. Былайша қарасақ, бір нысан үшін төленген сома шамамен 13 мың теңге ғана. Бұл жерде, әрине, бірнеше есе көтеру керек. Ахуалды түзеу керек. Яғни, яхталар мен ұшақтардың көлік салығын ұлғайтамыз», - деді Азамат Әмрин.
Сондай-ақ, ол меншігінде бірнеше пәтері бар адамдардың мүлік салығын есептеу тәсілі өзгеруі мүмкін екенін айтты.