12.06.2023, 18:20

Қызылордада қураған шөп өртеніп, қаланың бірқатар бөлігін түтін басты

Фото: inform.kz
Қазіргі таңда оқиға басында мамандар 4 техникамен өртті сөндіруге күш салып жатыр.

Қызылордада қураған шөптің өртенуі салдарынан қаланың бірқатар бөлігін түтін басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 14.50-де хабарлама келіп түсті.

«Онда Наурыз саяжайы тұсындағы Шіркейлі каналының жиегінде қураған шөптің жанып жатқаны жөнінде айтылған. Қазіргі таңда оқиға басында мамандар 4 техникамен өртті сөндіруге күш салып жатыр. Сондай-ақ, оқиға орнында орман шаруашылығы саласының мамандары бар», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.