"Қазгидромет" РМК синоптиктері 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады.
14 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында жауын жауып, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.
Солтүстік және шығыс аймақтарда температура климаттық бағытына оралды, тіпті ауа температурасы түнде +5+15°C дейін, күндізгі уақытта +17+25 дейін төмендейді.
Еліміздің батысында 13-14 маусымда күндіз өте қатты ысып +40+41°C дейін жоғарылайды.