13.06.2023, 07:30

Алдағы күндері +40 градус ыстық болады

Фото: pixabay
Еліміздің батысында 13-14 маусымда күндіз өте қатты ысып +40+41°C дейін жоғарылайды.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады.

14 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында жауын жауып, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады.

Солтүстік және шығыс аймақтарда температура климаттық бағытына оралды, тіпті ауа температурасы түнде +5+15°C дейін, күндізгі уақытта +17+25 дейін төмендейді.

Еліміздің батысында 13-14 маусымда күндіз өте қатты ысып +40+41°C дейін жоғарылайды.