$ 479.05  534.57  5.17

Түркістан облысында ауыл маңынан қарияның мәйіті табылды

77 жастағы қарияның денесін іздестіру жұмыстарын жүргізген жергілікті тұрғындар тапқан.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Түркістан облысында 3 күн бұрын жоғалып кеткен қарияның мәйіті ауыл маңынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

77 жастағы қарияның денесін іздестіру жұмыстарын жүргізген жергілікті тұрғындар тапқан. Марқұмның мәйіті Талапты ауылдық округі, Шытты ауылының маңындағы Арыс өзенінен 500 метр жерде жатқан.

«Түркістан облысы ТЖД және полиция департаментінің қызметкерлері, кинологиялық есеп, еріктілер мен туыстары іздеу жұмыстарын жүргізді. Жалпы бұл жұмыстарға жеке құрамнан 72 қызметкер, 3 техника, 1 жүзу құралы жұмылдырылды»-делінген Түркістан облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары