13.06.2023, 14:40

Талдықорғанда шенеуніктер мұқтаж отбасыларға арналған пәтерлерді бөліске салған

Фото: pixabay
Бұдан бұрын Талдықорғанда 2013-2021 жылдар аралығында 1218 пәтер заңсыз берілгені хабарланған.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғанда әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға арналған пәтерлердің заңсыз берілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Баспасөз мәслихатында журналистер әкімнен Талдықорғанда 1218 пәтердің заңсыз таратылуына қатысты түсініктеме беруді сұрады.

Әкімнің айтуынша, Талдықорғанда 30 мың адам баспанаға мұқтаж болып, тұрғын үй алуға үлкен кезек пайда болған. Бір сәтте бұл кезек бұзылып, берекесіздік басталған.

Шенеунік түсіндіргендей, пәтерді заңсыз алған қылмыскерлердің арасында мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдары мен журналистер бар.

"Өкінішке қарай, түгендеу арқылы біз заңсыз жолмен берілген 1200 пәтерді таптық. Ең өкініштісі, құқық бұзушылардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, журналистер, құқық қорғау органдарының өкілдері, спортшылар, әртістер болды", – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, ол Талдықорғанда тұрғын үйді өрескел бұзушылықтармен сатып алған аты-жөні белгілі адамдардың "ерекше санатын" атап өтті.

"Біз осындай қылмыскерлермен бір жылдан бері күресіп келеміз. Мен фамилияларды айтпаймын, олардың арасында танымал адамдар бар. Біз 500 пәтерді заңдастырдық. Тағы 98 пәтермен Антикор айналысады", - деді Исабаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Талдықорғанда 2013-2021 жылдар аралығында 1218 пәтер заңсыз берілгені хабарланған.