Алматыда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай әкімшілік ғимараттың қоршауына соғылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиға 13 маусымда 12.40 шамасында Спасская көшесінде болған. Желіде жол-көлік оқиғасының видеосы жарияланды.
"Салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы жарақат алып, медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Аталған фактіге қатысты полиция тиісті тексерулерді жүргізеді.