Астана — өте әдемі қала. Дегенмен, елдің астанасында да қаланың көріктенуін күрделілендіретін талай мәселелер бар. Ең алдымен, қиратылған жаяужолдар азаматтардың еркін қозғалуын қатты шектейді: кей-кезде тіпті балалар арбаларының өткізілуі тым қиын болып кетеді.
Сәуірдің аяғында Жаңа Адамдар астананың мәселелік және апаттық жаяужолдар туралы онлайн ақпаратты жинау науқанын бастаған. Біз Астананың түрлі аудандарында табылған, жүздеген мәселелік нүктелерден тұратын «халық тізімінің» құрылуына қол жеткіздік. Осы тізіммен қала әкімшілігімен бөлісіп, олардың назарын тарттық. Қала әкімшілігі тексерістерді жасап бітіргеннен кейін, тізімде белгіленген нүктелермен жұмыс істеуге бастаған. Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Нұрлан Нұркенов көріктендіру шараларына бюджеттік қаражатты жұмсауға уәде берді.
Елорда тұрғындары жаяу жүргіншілер жолы мәселесінің шешілуі туралы хабарды естіп, аса жоғары азаматтық белсенділікті танытты. Қозғалыстың әлеуметтік желілеріне Жаңа Адамдар тізіміне жаңа нүктелерді қосуды сұраған өтініштер көптеп түскен. Мәселелер енді жүздеп емес, мыңдаған мекенжайлармен есептелетін болды.
Демек, Астана қаласындағы жаяу жүргіншілер зоналарының мәселесі, баяғыдан бері, жергілікті деңгей шегінен шығып кеткен. Осы инфрақұрылымдық кемшіліктерді шешудің бір ғана жолы бар — астана көшелерінің толық ревизиясын жүргізу. Әлбетте, осы шаралар көп уақыт алатыны анық. Алайда, олардың арқасында Жаңа Адамдар мен белсенді тұрғындар бірігіп, өзекті инфрақұрылымдық мәселелерді таба алады. Қала әкімшілігінің анықталған кемшіліктерге назарын аудартып, соларды түзетуге, және болашақта қоғамдық кеңістіктердің жаңа сапа стандартын құрастыруға болады.
Танатұлы Арлен, Жаңа Адамдар: «Жаңа мәселелерді іздеу және ескілердің қаншалықты шешіліп жатқанын тексеру - қаланы көркейту формуламыз. Біз бірлесіп, барлық қажеттіліктер мен мүмкіндіктерді ескеріп, барлығына қауіпсіз және жайлы қалалық ортаны құра аламыз. Біздің «Қала» азаматтық науқанымызға қосылыңыз, әлеуметтік желілерімізге қалалық инфрақұрылымның жетілмегендіктерін жіберіңіз. Міндетті түрде тексеріп, оларды қала әкімшілігіне жіберіп, жөндеу жұмыстарын бақылаймыз».
Астананың мәселелік жерлері туралы хабар беру: http://surl.li/hzufs