14.06.2023, 16:40

ШҚО-да 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Фото: pixabay
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, оқиға Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданында болған.

Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Қылмыстық істің мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтерді жария етуге тыйым салынған», - делінген ақпаратта.

Ведомство өкілдері, күдіктінің неше жаста екенін де айтпады. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, оқиға Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданында болған.