$ 498.34  519.72  4.85

15 млн-ға сатылған мектеп мемлекетке қайтарылды

Осыдан алты күн бұрын бұрынғы білім ошағын сатып алған кәсіпкер өз еркімен ғимаратты қайтарып берді.
Фото: 22-ileaud.mektebi.kz
Фото: 22-ileaud.mektebi.kz

Қоғамда резонанс туғызған Алматы облысындағы мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы тілшілермен кездесуде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қарасай ауданындағы 15 миллион теңгеге сатылып кеткен мектеп мемлекет меншігіне қайтарылыпты. Осыдан алты күн бұрын бұрынғы білім ошағын сатып алған кәсіпкер өз еркімен ғимаратты қайтарып берді», –  дейді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломоносов атындағы 250 орынға арналған орта мектеп 15 миллион теңгеге сатылып кеткенін айтып, екі ай ішінде мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен еді.

Кейіннен Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов М.Ломоносов атындағы мектебінің ескі ғимараты 2018 жылы 15 224 000 теңгеге сатылғанын растаған еді. Сосын мектепті қайтару бойынша 2023 жылдың 9 наурызы күні Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз жолданғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары