$ 441.66  475.14  4.86

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

Бұл дерекке қатысты бірден 2 бап - "Зорлау" және "Бірнеше рет зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: astanatv
Фото: astanatv

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сапабек Мұқышев зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арызды күдіктінің 20 жастағы өгей қызы 2022 жылғы қарашада жазған, бірақ бұл қазір ғана белгілі болған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы Қостанай облысының полициясына сілтеме жасап.

Бұл дерекке қатысты бірден 2 бап - "Зорлау" және "Бірнеше рет зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Тергеу аясында бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалып, жүргізілді, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады, зардап шеккен тарап қорғауға алынды", деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары