$ 475.25  505.52  4.95
Жаңалықтар 15.06.2023 сағат 14:40

Қарағандыда 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік елордада ұсталды

Аталған факт ҚК 125-бабының 2-тармағы, яғни "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау" бойынша тіркелді.
Қарағандыда 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік елордада ұсталды
Фото: Zakon.kz

Қарағанды қаласында 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік Астанада ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.

Қарағанды қаласының полициясына 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы оның 4 жасар қызын ұрлап кеткен.

Аталған факт ҚК 125-бабының 2-тармағы, яғни "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау" бойынша тіркелді.

13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.
Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар