$ 444.14  477.05  4.85

1 шілдеден бастап кімдер салық төлейді?

Артынша, бұл мәліметтер автоматты түрде Мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

1 шілдеден бастап интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілері мен курьерлер салық төлейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, такси немесе курьерлік жеткізу қызметін көрсету кезінде азамат «eSalyq Business» мобильдік қосымшасын қолдана отырып, жеке кәсіпкер немесе қандай да бір компанияға жалдамалы қызметкер ретінде тіркелуі қажет. Тиісінше, ол шарт жасасу арқылы салық пен әлеуметтік төлемдерді аударуға міндеттеледі.

Кейін платформа операторы қызметкерге айлығын төлеу кезінде тиесілі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалады. Артынша, бұл мәліметтер автоматты түрде Мемлекеттік кірістер комитетіне беріледі.

Бұл талаптар бұрыннан бар, дегенмен түрлі себептерге байланысты оны көп адам орындамай келеді. Себебі 1 пайыздық ставкамен табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру) өтеу қажет.

Бастапқы кезеңде аталған пилоттық жобаға «Yandex» интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері ерікті негізде қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары