16.06.2023, 18:00

Солтүстік Қазақстан облысында бес бірдей адам қаза тапты

Фото: polisia.kz
7 адам зардап шекті:

Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылғы 16 маусымда тас жолда Lexus пен "ВАЗ-2104" көлігі соқтығысты. Жантүршігерлік апаттан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 7:55-те Көкшетау –Омбы тас жолының 53 шақырымында СҚО Тайыншы ауданының Аймақ ауылына жақын маңда болған.

Сурет: polisia.kz

Сурет: polisia.kz

"Алдын ала анықталғандай, Lexus автомашинасы Көкшетау қаласынан келе жатып қарсы жол жолағына шығып кеткен. ЖКО салдарынан 7 адам зардап шекті: 5 адам оқиға орнында қайтыс болды, оның ішінде екі көліктің жүргізушілері бар. Қалған зардап шеккендер медициналық көмек алу үшін Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды", делінген хабарламада.