$ 443.44  480.51  4.88

Павлодарда 75 жастағы әжейді күйеу баласы зорлаған

Қылмыскер қайын енесінің дәрменсіз күйін пайдаланып, екі рет зорлаған.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар қалалық № 2 сотында қайын енесін зорлаған 54 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты. Қылмыстық іс жабық режимде қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға жәбірленушінің қызы арыз түсірген. Тергеу барысында жүргізілген сараптама ер адамның кінәсін дәлелдеді. Қылмыскер қайын енесінің дәрменсіз күйін пайдаланып, екі рет зорлаған. Сараптама нәтижелеріне қарамастан, айыпталушы өз кінәсін мойындамады, делінген Павлодар қалалық № 2 сотының үкімінде.

Ер адам ҚР ҚК-нің 55-бабын қолдана отырып, ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек ол жәбірленушіге моральдық залалдың өтемі ретінде 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары