Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (12-2, 5 КО) Прагада өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Д. Дәукенов колумбиялық Эбер Тобармен (8-4-3, 3 КО) кездесіп, оны техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек орташа жартылай салмақта Чехия чемпионы атағы үшін өтті.
Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіби мансабында 13-інші жеңісіне қол жеткізді. Ол профи-рингке алғаш рет 2017 жылы шыққан еді. Ал Э.Тобар мансабында 5-інші рет жығылып отыр.