$ 445.66  474.58  4.78

ОҚО-да жұмыспен қамту жоспарланған 5300 мүгедектің 18 пайызы ғана қамтылған

Оңтүстік Қазақстан облысында 5300-ге жуық мүгедек жанды жұмыспен қамту жоспарланса да олардың небәрі 18 пайызы ғана жұмысқа орналасқан. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Бейбіт Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бейбіт Сыздықовтың айтуынша, арнайы тексеру кезінде «Жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 5269 мүмкіндігі шектеулі жанды жұмыспен қамту жоспарланғанымен, олардың 18 пайызы ғана еңбекке тартылған. Сонымен бірге, Шымкентте жұмысқа орналасқан жарымжан жандардың 55-і жұмыстан шығып кетсе де, тізімнен түспеген. Түркістан қаласының әлеуметтік сала басшылары 100-ге жуық адамды «жұмыспен қамтыдық» деп жалған мәлімет бергені анықталған.

— Кемшілікке жол берген азаматтар мен әкімшілік қызметкерлеріне қатысты облыс әкімшілігіне тиісті ұсыныстар жазып береміз. Облыс әкімі өз тарапынан тәртіптік немесе басқа да шараларды қолдануы тиіс, — дейді департамент басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары